Бастауыш партия ұйымдарының жиналысы өтіп жатыр
Бастауыш партия ұйымдарының жиналысы өтіп жатыр
349
оқылды

Алматы облысындағы «Nur Otan» партиясының бастауыш партия ұйым­дарының жиналысы өтіп жатыр. Өңірде 86 866 партия мүшесін бір арнаға тоғыстырған 316 бастауыш партия ұйымы бар, оның құрамына 2 555 партиялық топ кіреді.

Соның бірі – құрамында 692 партия мүшесі бар Қарасай ауданындағы «Ша­малған» бастауыш партия ұйымы. Аталған ұйым 2 жыл көлемінде атқарған жұмыс­тарын қорытындылап, БПҰ-ның төра­ғасы мен орынбасарын сайлап, аудандық конференция құрамына делегаттарды анықтады. Отырыс барысында бастауыш партия ұйымы төрағасының 2019-2020 жылдарда атқарған жұмысы туралы «Шамалған» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ержас Тоқтасынов баяндама жасады. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Жарғысының 9.6 тарма­ғы­на сәйкес, Шамалған бастауыш партия ұйымының бюро мүшелерін, одан әрі төра­ғасымен орынбасары сайланды. Сондай-ақ Қарасай аудандық партия филиалының квотасы бойынша аталған БПҰ-нан 10 делегат сайланды. Делегаттар өкілеттілігі аудандық партия филиалының Саяси кеңес бюро отырысында қаралып, шешім қабылданады. Айта кетейік, БПҰ-ның жиындары аяқталған соң, 26-30 сәуір аралығында 20 аудан-қалалық партия филиалының есеп-беру сайлау конференцияларын ұйым­дастыру жоспарланған. Одан кейін 13 мамыр күні Алматы облыстық партия филиалының есеп-беру сайлау конферен­циясы өтеді. «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы «Бірлік» филиалының «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының және Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының бастауыш партия ұйымының да жиналысы өтті. Іс-шаралар эпидемио­логиялық жағдайға байланысты онлайн форматта ұйымдастырылды. Сондай-ақ осы аптада «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Өркениет» филиа­лының «Ұлттық нейрохирургия орталы­ғы» АҚ бастауыш партия ұйымының және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шара­пат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бастауыш партия ұйымдары есеп берді. «Nur Otan» партиясы Атырау облыс­тық филиалы жанындағы «Экология» аймақ­тық қоғамдық кеңесінің отыры­сында да бастауыш партия ұйымдары бас қосты. Аймақтық қоғамдық кеңес төра­ғасы Әлібек Семғалиевтің төрағалығымен өткен мәжілісте NСОС компаниясының Каспий теңізі солтүстік бөлігіндегі қазу жұмыстары туралы, «Тухлая балка», «Квадрат» булану алаңдарын қалпына келтіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде, сондай-ақ Мақат ауданы Доссор кентінің экологиялық мәселелері қаралды. Жиында «АМӨЗ» ЖШС тарапынан өңір экологиясын жақсарту мақсатында қолға алынған жобалар төңірегінде сөз қозғалды. Оның ішінде TAZALYQ жобасы бойынша механикалық және биология­лық тазарту қондырғыларын қайта құру, «Тухлая балка» булану алаңының 860 гектарын қалпына келтіру қарастырылған. Кеңес барысында Каспий теңізінің сол­түстік бөлігінде түп тереңдету жұмыста­рының зияны туралы айтылды. Атырау облыстық Экология департа­ментінің басшысы Әлібек Бехмұхаметов әр өзекті мәселені назардан тыс қалдырмайтынын жеткізді. «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы «Эко­логия» қоғамдық кеңесінің мүшелері пікірлерін ортаға салып, ұтымды ұсыныс­тарын да жеткізді. Өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында қолға алынған әр жоба басты назарда болады. «Nur Otan» партиясы Мақат аудандық филиалына қарасты 42 партиялық топтан тұратын 8 бастауыш партия ұйымы бар. Оның ішінде «Доссормұнайгаз» және «Білім» бастауыш партия ұйымдары 500-ден астам партияластардың басын қо­сатын ірі ұжым. Сол ұйымдардың, атап айт­қанда «Денсаулық», «Мақат», «Болатжол», «Мақат стансасы», «Білім», «Доссормұнайгаз», «Мұра», «Болашақ» бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналысы өтті. бастауыш партия Жиналысқа «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Қаржауова, аудандық мәслихат хатшысы Қ.Исмағұлов және Саяси кеңес мүшелері оффлайн қатысса, бастауыш партия ұйымы мүшелері онлайн ZOOM платформасы арқылы қатысты. Жиналыстың күн тәртібіне сәйкес БПҰ-ның төрағалары 2019-2020 жылдары ат­қарған жұмыстарына жан-жақты тоқта­лып, алда тұрған міндеттерін айтты. Сон­дай-ақ бастауыш партия ұйымда­рының төрағалары, орынбасарлары және жаңадан бюро мүшелері сайланды. «Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық филиалының «Отан» бастауыш партия ұйымында есеп беру-сайлау жиналысы жоспарға сай өткізілді. Жиналысқа «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Махауова қатысты. Отырыста «Отан» БПҰ-ның төрайымының орынбасары Б.Муханбедиева баяндама жасады. Ол өз кезегінде осы партия тұғырнамасында көрсетілген партиялық жоба бойынша біркелкі жұмыс атқарылып жатқанын, «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Жастар – Отанға!», «Кедергісіз келешек» партиялық жобаларының атқарылған жұмыстарына тоқталды. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалының Дариян БПҰ-да да есептік-сайлау жиналысы өтті. Түркістан облысында да бастауыш пар­тия ұйымдары «Nur Otan» партия­сының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа ла­йықты өмір!» сайлауалды бағдарла­масының орындалуына үлес қосып жатыр. Мәселен, Сарыағаш аудандық филиалы жанындағы «Дербісек» бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жина­лысында осы жоспар жайы талқыланып, делегаттар ұсынысын жеткізді. – Биыл сайлауда «Nur Otan» партиясы жеңіске жетті. Партияның құрылымында, жұмыс істеу тәсілінде өзгеріс енгізіліп жатыр. Бұл – өте дұрыс шешім. Партияның әрбір басқарушы ұйымында төрағалар ашық әрі әділ сайлау арқылы анықталуы тиіс. Біз сайлауалды бағдарламаның орындалуын да назарда ұстаймыз. Ха­лыққа берген уәде орындалуы керек, – дейді сарыағаштықтар. Қуанарлығы, бүгінде Түркістан облысы Сарыағаш ауданында сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы тиянақты жүзеге асырылып жатыр. Жуырда Дербісек ауылдық округ аумағында «Санжар» шаруа қожалығының 1 000 бас мал бордақылау алаңы іске қосылды. Бүгінде бұл шаруа қожалығында 300-ден аса ірі қара мал бордақыланып жатыр. 15 адам жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта да ауданда жылыжай, мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасын таппақ. «Дербісек» бастауыш партия ұйы­мының 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы есебінде осы деректерге қаныққан партияластар күн тәртібіндегі өзге де мәселелерді талқылады. БПҰ бюросы сайланып, аудандық филиалдың конференциясына делегаттар таңдалды. Осындай жиналыстар Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы», «Жемісті», «Көктерек», «Қызылжар», «Сарыағаш» және өзге де бастауыш партия ұйым­дарында ұйымдастырылды. Жалпы, 19 сәуірден бері Түркістан облысында 244 БПҰ-ның басым бөлігінде төрағалары мен конференция делегаты анықталды. БПҰ жиналыстарын өткізуде Zoom платформасы кеңінен қолданылды. Айта кетейік, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында да осындай іс-шара ұйымдастырылды.

Әбілмансұр ЖАСАН