Бағдад ауруханасындағы өрт: көз жұмғандар саны 82-ге жетті
Бағдад ауруханасындағы өрт: көз жұмғандар саны 82-ге жетті
219
оқылды

Бағдад қаласындағы ауруханада болған өрттен көз жұмғандар саны 82-ге жетті. Бұл туралы жексенбі күні Baghdad Al Youm хабарлады.

Сондай-ақ, тағы 110 адам зиян шеккен.
«Ибн аль-Хатыб ауруханасындағы өрт 82 адамның өмірін жалмады. Тағы да 110 адам жарақат алған», – делінген ақпаратта.
Еске салсақ, бұған дейін ауруханадағы жарылыстан 27 адамның көз жұмғаны туралы хабар тараған еді.