Жуырда алтын монеталар сатылымға шығады
Жуырда алтын монеталар сатылымға шығады
195
оқылды

Монеталарды kazcoins.nationalbank.kz интернет дүкені арқылы сатып алуға болады. Ол үшін қолданушылар тіркеліп, жеке кабинет ашуы тиіс.

Номиналы 1 000 теңгелік, жалпы массасы 62,2 грамм, 925/1000 сынамалы күмістен, массасы 46,2 грамм, құрамдас бөлігі 999/1000 сынамалы алтыннан, массасы 16 грамм, proof дайындау сапасымен, диаметрі 50 миллиметр болатын монеталардың 1 000 данасы бар.

«Монеталар Қазақстанда төлемдердің барлық түрі бойынша қабылданады. Барлық банкте банк шоттарына есепке алынады. Аудару,  ұсақтау және айырбастауға болады. Монеталар кәдесый орамда шығарылады. Ұлттық банктің қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды» делінген хабарламада.

Бұған дейін коллекциялық монеталар туралы жазған болатынбыз.