Елбасы бұрынғы Қаржы министрі Александр Бацуланың отбасына көңіл айтты
Елбасы бұрынғы Қаржы министрі Александр Бацуланың отбасына көңіл айтты
320
оқылды

Бұл туралы elbasy.kz хабарлады.

Елбасы бұрынғы Қазақ КСР Қаржы министрі Александр Бацуланың қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Есепші болудан басталған еңбек жолы Қазақ КСР Қаржы министріне дейінгі үлкен еңбегімен осы саланың дамуына елеулі үлес қосты. Мен Александр Ефимовичті Министрлер кеңесінде жұмыс істейтін кезінен жақсы танимын. Оның адамгершілігі, кәсіби біліктілігі жоғары еді. Бірбеткей болатын. Александр Бацуланың жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталады» делінген жеделхатта.

Александр Бацула 96 жасына қараған шағында Алматыда қайтыс болды.