АҚШ соты Әблязов пен Храпунов ісін қарайды
АҚШ соты Әблязов пен Храпунов ісін қарайды
194
оқылды

Нью-Йорк федералды соты Мұхтар Әблязов пен Ілияс Храпуновтың ісі сотта қарал­сын деп қаулы етті. Бұл туралы Әділет министрлігінің сайты ресми мәлімдеді.

– 2021 жылғы 29 наурызда АҚШ округтік сотының судьясы Элисон Нейтан Мұхтар Әблязов пен Ілияс Храпуновтың өтінішін қабылдамай, барлық төрт талапты (заңсыз иемдену; негізсіз баю; меншік құқығы және Нью-Йорк­тің азаматтық практикасы туралы ережелері мен § 5239 заңына сәй­кес талап қою) сотқа жіберуге рұқсат берді. Судья Нейтан ұсы­нылған мағлұматтардың қо­мақты тізімін мұқият зерде­леудің негі­зінде Triadou-дың АҚШ-қа ин­вестициялаған қаражатын Мұхтар Әблязовтың ұрлағанын, кейіннен оларды АҚШ-та Ілияс Храпу­новтың және басқалардың әдейі жылыстатқанын растайтын «елеу­лі дәлелдемелердің» бар еке­нін атап өтті» делінген хабар­ламада. Әзірге пандемия шектеулеріне байланысты соңғы сот отыры­сының нақты қай күні өтетіні кейінірек белгілі болмақ.

Мадияр ТӨЛЕУ