Онлайн несиені заңсыз рәсімдейтін алаяқтар көбейіп кетті – Бейсенбаев
Онлайн несиені заңсыз рәсімдейтін алаяқтар көбейіп кетті – Бейсенбаев
378
оқылды

Олар Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымоваға депутаттық сауал жолдады.

Соңғы жылдары елімізде халыққа шағын несие берумен байланысты алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті, зиянкестер азаматтарға олардың қатысуынсыз онлайн несиелер рәсімдеп отыр. Бұл мәселе бойынша депутаттардың атына алаяқтардың ісіне тап болған азаматтар жиі шағым түсіреді. Алаяқтар азаматтардың жеке деректерін пайдалана отырып, онлайн несиені өзге адамға заңсыз рәсімдейді. Ал, ең сорақысы зардап шеккендер оларға рәсімделген несие туралы белгілі бір уақыттан кейін ғана, яғни коллекторлық агенттіктер мазалай бастаған кезде несиелік қарызының бар екенін біледі. Ішкі істер органдарының ресми ақпараты бойынша, 2019 жылы интернет алаяқтықпен байланысты 7 732 қылмыс тіркелсе, ал 2020 жылы мұндай фактілердің саны екі есеге артып 14 110 қылмысты құрады. Соның ішінде, 2020 жылдың қорытындысы бойынша микрокредиттік ұйымдардың интернет-сайттары арқылы онлайн несиелерді рәсімдеу бойынша 3 мың құқық бұзушылық жасалған. Ал, интернет арқылы кез-келген азаматтың жеке кабинетіне қосылу арқылы, олардың банк карталарындағы шоттарынан ақша ұрлау бойынша 2,2 мыңнан астам алаяқтық қылмыс тіркелген.

Бұл мәселенің күрделі екеніне дәлел ретінде, кеше ғана Солтүстік Қазақстан облысында ер адам алаяқтық жолмен өзге азаматтарға 50 несие рәсімдеген. Аталған ер адам алаяқтығын іске асыру үшін өзге азаматтардың жоғалған жеке куәліктерін пайдаланған. Бұл бір.

Екінші жағдай Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орын алды. Онда 31 жасар әйел адам ауыл тұрғындарының жеке куәліктерінің суреттерін пайдалану арқылы, олардың қатысуынсыз жергілікті тұрғындардың атына тауар алуға онлайн несие рәсімдеген. Жоғарыдағы көрсетілген нақты мысалдар, микроқаржылық ұйымдардың онлайн қарыздарды берудегі жеке тұлғаны сәйкестендіру рәсімдерін реттеу жүйелерінің толық пысықталмағанын көрсетіп тұр. Осыған байланысты, жапа шеккен азаматтар өзінің кінәсіз екенін мойындатып, заңсыз несиені өшіру үшін 9 айға дейін соттасуға мәжбүр. Бұл өз кезегінде жәбірленушінің несиелік тарихына зиян келтіріп, қолма-қол ақшасыз төлем жасауына кедергісін тигізеді. Жоғарыда айтылғанның негізінде, агенттікке клиенттің жеке тұлғасын растауды анықтауды күшейту бөлігі бойынша микрокредиттік ұйымдардың онлайн несиелер берудегі рәсімдерін қысқа мерзімде қайта қарау ұсынылады. Біріншіден, клиенттің биометриялық ерекшеліктерін сәйкестендіру процедураларын күшейтуді қарастыру қажет. Нақты уақыт режимінде кескінді тексеру және растау, яғни алаяқтардың бұрын дайындалған бейне немесе фото материалдарды қолдануы мүмкіндігіне жол бермеу. Екіншіден, ақпараттық-бағдарламалық жүйелерді пайдалану арқылы онлайн-кредиттерді рәсімдеу кезінде екі сатылы аутентификацияны енгізуді көздеу қажеттігін айтты.