Ұлттық қауіпсіздік комитетінің отставкадағы генерал-майоры Саят Мыңбаев қайтыс болды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің отставкадағы генерал-майоры Саят Мыңбаев қайтыс болды
198
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері, отставкадағы генерал-майор Саят Мыңбаев қайтыс болды. Саят Мыңбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту хабарламасы ведомствоның ресми сайтында жарияланды.
«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы және «ҰҚК органдарының ардагерлері» РҚБ ҰҚО ардагері, отставкадағы генерал-майор Саят Мұхаметбайұлы Мыңбаевтың қайтыс болуына байланысты туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады», - делінген хабарламада.
Марқұм - «Қазақстан темір жолы» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Сауат Мыңбаевтың ағасы.