Қазақстанның бас санитарлық дәрігері мәлімдеме жасады
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері мәлімдеме жасады
89
оқылды
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов мәлімдеме жасады. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.  
"Жақын арада COVID-19 бойынша эпидемиологиялық ахуалы аса қолайсыз елдерге демалысты немесе өзге де сапарларды жоспарлаған барлықтарыңызға мәлімдеме жасағым келеді. Мен коронавирус инфекциясы кең тараған Үндістан, Түркия, сондай-ақ Еуропаның, Латын Америкасының, оңтүстік-шығыс Азияның кейбір елдеріне барудан бас тартуды сұраймын. Аталған елдерде күн сайын қауіпті індетті жұқтырғандар саны еселеп артып, антирекордтық көрсеткіш күн сайын жаңаруда. Ғалымдар коронавирус инфекциясының жаңа штамдарының жұғу жылдамдығы өте жоғары және қоғамға, жалпы денсаулық сақтау жүйесіне аса қауіп төндіреді деп дабыл қағуда. Сондықтан демалысты кейінге қалдыруға кеңес беремін, өйткені бұл сіздің денсаулығыңыз ғана емес, сіздің жақындарыңыздың амандығы, ұлт денсаулығы екенін ұмытпаңыз", - деді ол.