Павлодарда қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті
Павлодарда қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті
295
оқылды

Nur Otan партиясының Павлодар облыстық филиалы жанындағы аграрлық саланы дамыту жөніндегі жаңа өңірлік қоғамдық кеңестің кезекті отырысы онлайн режимінде өтті.

Күн тәртібінде өңірлік қоғамдық кеңес мүшелері облыстың АӨК саласын мемлекеттік қолдаудың қолда бар шараларын, оның инвестициялық ахуалын, ең бастысы, жаңа жұмыс орындарын құруды, сондай-ақ қолда бар жұмыс орындарын қолдауды талқылады. Өйткені АӨК аймақтағы көлемі бойынша екінші сала, халықты жұмыспен қамтудың 16%-ын қамтамасыз етеді. Бүгінде АӨК-те 60 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Әлеуметтік желілер мен БАҚ-тағы Ақсу қаласының «Крон Агро» ЖШС жаңа сүт-тауар фермасына қатысты соңғы резонанстық жарияланымдарға байланысты мәселелер көтерілді. Кәсіпорын 150-ден астам адамды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Шаруа қожалығы бюджетке уақытылы салық төлейді. Павлодар Партия көшбасшысы, Елбасы ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі және даму драйвері болып табылатынын бірнеше рет атап өтті. – Шағын кәсіпорындарды дамыту және сақтау, өңірдегі еңбекшілердің құқықтарын қорғау біздің партияның Сайлауалды бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі, – деп атап өтті Nur Otan партиясы өңірлік филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко. Іс-шараға Фермерлер Одағының облыстық филиалының Төрағасы, партия мүшесі Сайлау Оразбаев қатысып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, нарықты өз өндірісінің арзан азық-түліктерімен толтыру, АӨК-ке инвестициялардың одан әрі өсуі төңірегіндегі ойларымен бөлісті. Бұл ретте қоғамдық кеңес мүшелері тараптарды бизнес пен жергілікті билік арасындағы сындарлы диалог арқылы барлық мәселелерді шешуге шақырды. Бизнес өз кезегінде жақын маңдағы үйлердің тұрғындары өндірістік объектінің қызметінен қолайсыздықты сезінбеуі үшін барлық қажетті экологиялық стандарттар мен талаптарды қамтамасыз етуі керек.