Қытайға қатынайтын жолаушы пойыздарына бақылау күшейді
Қытайға қатынайтын жолаушы пойыздарына бақылау күшейді
Фото: Интернеттен алынды
483
оқылды
«ҚТЖ» ҰК» АҚ ҚХР коронавирус індетінің таралуына байланысты дер кезінде алдын алу шаралары қабылдануда. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Қытай арасында екі: №103/104 «Үрімші – Алматы-2» және  №13-54/14-53 «Алматы-2 – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Үрімші» жолаушылар пойызы қатынайды. Еліміз аумағы бойынша вирустың таралуына жол бермеу мақсатында Достық және Алтынкөл станцияларында келген пойыз жолаушылары мен бригадалары қызметкерлерін қазақстандық санитарлық қызметі тексерістен өткізеді: олар  тепловизор арқылы жол жүрушілердің жағдайын тексереді және қалдерін сұрап біледі. Содан кейін жолаушылар мен пойыз бригадасы қызметкерлеріне шекаралық және кедендік тексерістер жүргізіледі.
Ұлттық тасымалдаушымен жолсеріктермен тұрақты негізде нұсқалықтар өткізіліп, ауырып қалған жолаушыны анықтау кезінде пойыз бастығының іс-әрекетін регламенттейтін, жолаушылар немесе пойыз бригадасы қызметкерінің коронавируспен ауырып қалуы күдігі немесе анықталған кезінде жолаушылар пойызы бастығы үшін нұсқаулық әзірленді.
Жолаушылар пойызының қозғалысы кезінде жолаушылар мен қызмет көрсету персоналының коронавируспен ауырып қалуы күдігінде жолаушылар пойызының бастығы жедел түрде пойыз машинисі арқылы медициналық пункт орналасқан станцияның кезекшісін немесе вокзал бойынша кезекшіні ақпараттандыруы керек.
Пойыздың тоқтау пунктіне келуіне дейін ол алғашқы індетке қарсы шараларды (ауруды өзге жолаушылардан бөлектеу, ауру жолаушы орналасқан вагон бойынша адамдардың қозғалысына тыйым салу, әрбір 30 минут сайын ыдыс-аяқ, еден, санитарлық торапты және өзгелеріне дезинфекция жүргізу) өткізуге міндетті.
Бүгінгі таңда, уәкілетті органмен келісімі бойынша аталған пойыздардың уақытша тоқтатылуы жөніндегі рәсімдер өткізілуде.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің қатысуымен Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында  сақтық үшін алдын алу шаралары өткізілді.
Сондай-ақ пойыз бригадаларының қызметкерлері тыныс алу маскаларымен жабдықталған және оларды үнемі тағып жүру туралы ескертілген. Бұдан басқа, Қазақстан мен Қытай арасында теміржол көлігімен багаж бен қол жүгін алып жүруге бақылау күшейтілген.