Алматыда ер адам баласымен бірге ойыншық машинамен қала жолдарында жүрген. Полиция тәртіп бұзушыны іздеуде.
Әлуметтік желіде осы сәттің видеосы таралды.
https://www.youtube.com/watch?v=XfGunw5L0QQ
«Бұл - бала өміріне немқұрайлы қарау. Ертең бала әкесін қайталап өзі жолға шығып кетпесіне кім кепіл. Не деген жауапсыздық. Газельдер, жүк машиналары оны көрмейді», – деп жазады желі қолданушысы.
Алматы қалалық Полиция департаменті мәлім еткендей, қазір ойыншық машинамен жүрген адамды іздеу шаралары жүргізіліп жатыр.