Бішкек қаласында қырғыз-тәжік шекарасында болған жағдайға қатысты митинг өтіп жатыр.
Дәл қазір Ескі алаңда 500-ге жуық адам жүр. Олармен келіссөз жүргізуге Үкімет аппаратының басшысы Жеңісбек Асанқұлов шықты.«Қазір барлығы 4 автобусқа отырып, әскери комиссариатқа бара алады. Сол жерде тізім жасаймыз», — деді аппарат басшысы.Қақтығыс кезінде Қырғызстанда 154 зардап шегуші медициналық көмекке жүгінді, олардың ішінде 33 адам көз жұмды. Еске салсақ, бұған дейін Қырғызстан мен Тәжікстанның атысты тоқтатуға келіскені туралы хабарлаған едік.