Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында АҚШ-тағы ITF сериясындағы W60 Charlottesville турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Елорда Инфо.
Доданың 1-ракеткалары болып тіркелген Анна Данилина аустралиялық Арина Родионовамен бірге жарыс барысында барлық кездесуінде де жеңіске жетті.
Финалда қазақстандық-аустралиялық жұп жаңазеландиялық Эрин Рутлиф — индонезиялық Алдила Сутджиадимен бас жүлдені сарапқа салды.
Анна Данилина мен Арина Родионова 1 сағаттан сәл астам уақытқа созылған матчта қарсыластарын 6:1, 6:3 есебімен ұтты.
Бұл — қазақстандық теннисшінің жұптық сындағы биылғы екінші табысы.