WBO чемпионы Головкинді сынға алды
WBO чемпионы Головкинді сынға алды
145
оқылды
Орта салмақтағы WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде (30-0-0, 18 КО) IBF титулының иегері қазақстандық Геннадий Головкинді (41-1-1, 36 КО) тағы да сынға алды, - деп хабарлады Sports.kz. Андраде орта салмақтағы үздік боксшылардың бірі ретінде аталатын Головкиннің қарсыластары мықты болғанына күмән келтірді.
"Оның түйіндемесі және карьерасы анау айтқандай жақсы емес қой. Қарсыластарының көпшілігі әлсіз болды. Оған тойтарыс берген Дэниел Джейкобстан басқасының барлығы оңай беріле салды. Деревянченко егер ештеңеден қаймықпай алға ұмтыла берсең, не болатынын көрсетті. Оның бұл жекпе-жекте жеңілгенін барлығы көрді", – деді боксшы Golden Era Boxing-ке берген сұхбатында.
Геннадий Головкин 31 желтоқсанда орта салмақтағы WBA чемпионы жапон Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.