Көкшетауда үшем дүниеге келді
Көкшетауда үшем дүниеге келді
138
оқылды
Көкшетауда үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Зәуреш есімді келіншек 2 мамырда Көкшетаудағы перинаталдық орталықта үшемді дүниеге әкелген.
«Нәрестелердің үшеуі де ұл бала. Қазіргі кезде, ана мен нәрестелердің жағдайы тұрақты, өздерін жақсы сезінеді», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, әйел мерзімінен бұрын, 32 апталығында толғағы келгендіктен, дәрігерлер оны кесарево тілігі бойынша босандырып алған. Бұл - соңғы 10 жылда Көкшетауда дүниеге келіп отырған үшем. Бұл отбасының бұдан бөлек екі қызы бар.