Үлгілі сарқырамасына тағы да ер адам құлап кетті
Үлгілі сарқырамасына тағы да ер адам құлап кетті
166
оқылды

Оны Ақмола облыстық ауруханасына жеткізді, – деп жазды 24.kz.

Оқиға кеше күндізгі сағат 15:00 шамасында болған. Суға құлаған 45 жастағы ер адамның жарақаты ауыр. Ер адамның қабырғасы, иығы сынған, басы жараланған.

«Сарқырама аумағына ескерту белгісі орнатылған. Сондай-ақ ескерту лентасы тартылған. Полицейлер кезекшілік етеді. Орманшылар дыбысты күшейткіш арқылы қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді. Соған қарамастан, адамдар қауіпсіздік ережесін елемейді», – дейді әкімшілік қызметкерлері.

Жуырда дәл осы сарқырамаға ер адам 6 жасар қызымен бірге құлап кеткенін жазған болатынбыз.