Алматыда ер адам лифтіні тепкілеген-Видео
Алматыда ер адам лифтіні тепкілеген-Видео
188
оқылды
Алматыда тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде ер адам лифтіні жұдырықпен ұрып, қабырғаны тепкілеген. Алматы полициясы ер адамды іздестіруге кіріскен. Ер адамның бұл ерсі қылығы әлеуметтік желіде тарады. https://www.youtube.com/watch?v=4QKqaeuiyZA Полиция басқармасының мәліметі бойынша, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзған адам анықталған.
«Ол туралы тиісті материал жинақталды және шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. Ол өзінің іс-әрекетін досының өлімі туралы жаңалықтан кейін ашуланғандығымен түсіндірді», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.