Бурабайда жүргізуші мас жолаушылар қолынан қаза тапты
Бурабайда жүргізуші мас жолаушылар қолынан қаза тапты
121
оқылды
Ақмола облысында 3 мамырдан 4 мамырға қараған түні такси жүргізушісі жолаушылар қолынан қаза тапты. Бурабай ауданының кезекші бөліміне 45 жастағы жергілікті тұрғыннан қоңырау түскен. Ол 19 жастағы ұлын іздеуге көмектесуді сұраған. Щучинск қаласының 22 жастағы тұрғыны мен Қатаркөл ауылының 20 жастағы тұрғыны күдікті деп танылып, полиция қызметкерлері оларды тұтқындаған. Алдын ала болжам бойынша, екі ер адам Қатаркөлден Щучинскке көлік ұрлау үшін баруды ойластырған. Ол жерге дейін Индрайвер арқылы тапсырыс беріп, таксимен жетіп алуды көздейді. Қаскөйлердің арам пиғылына 19 жастағы жасөспірім тап болған.
"Жолаушылар мас күйде болғандықтан жүргізуші олардың көліктен түсуін талап етеді. Оны орындаудан бас тартқандықтан жанжал шығып, соңы төбелеске ұласады. Күдіктілердің бірі жүргізушіні тұншықтырып, екіншісі шыны бөтелкемен басынан ұрады. Жәбірленуші құлаған кезде қаскөйдің бірі сынық бөтелкемен жас жігіттің мойнын тіліп жібереді", – делінген хабарламада.