Алексей Бага "Ақтөбе" клубының бас бапкері қызметінен кетті
Алексей Бага "Ақтөбе" клубының бас бапкері қызметінен кетті
185
оқылды
«Ақтөбе» футбол клубы мен Алексей Бага арасындағы өзара келісім бойынша бас бапкер жұмысын тоқтатты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
«Біз, Алексей Анатольевичке алдағы бапкерлік мансабына сәттілік тілеп, жеңіс шыңын бағындыруын тілейміз. Алдағы уақытта «Жетісу» командасына қарсы ойнайтын матчта бас бапкер қызметін уақытша Владимир Зеленовский атқаратын болады. Владимир Викторович осыған дейін өткен маусымда бапкерімен қоштасқан «ақ-қызылдарды» жеңіске жеткізіп, премьер-лигаға қайта оралуына өзінің үлесін қосқан болатын», - делінген мәлімдемеде.
«Ақтөбе» ел чемпионатының алғашқы тоғыз турында тоғыз ұпай жинап, турнирлік кестеде оныншы орында тұр.