7 мамыр: еліміздегі маңызды оқиғалар

7 мамыр: еліміздегі маңызды оқиғалар

Бүгін, яғни, 7 мамыр — ер-жігіттеріміздің мерекесі.  Бұл күні Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылғандықтан "7 мамыр — Отан қорғаушылар күні" деп жарияланды. Ал 2012 жылы Елбасының бұйрығымен 7 мамыр мемлекеттік мәртебеге ие болып, мереке ретінде аталатын болды. Алайда, осы күні елімізде басқа қандай маңызда оқиға болғанын білесіздер ме?

1975 жылы Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің жағасында Екінші дүниежүзілік  соғыс жылдарында қайтыс болған шығысқазақстандық азаматтарға ескерткіш орнатылды;
1992 жылы Президент Жарлығымен Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Ал Қорғаныс министрі болып генерал-полковник Сағадат Нұрмағамбетов тағайындалды;
1999 жылы Президентінің жарлығымен Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып Жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевқа "Халық Қаһарманы" атағы берілді;
2000 жылы Нұр-Сұлтанда (Астанада) Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш мемориал ашылды. Оның гранит плиткаларына 761 жауынгердің есімі  жазылды;
2010 жылы Алматыда соғысқа қатысқан қазақтың алғашқы ұшқыш қызы, "Халық Қаһарманы" Хиуаз Доспанова өмірінің соңғы жылдарын өткізген үйде мемориалды тақта ашылды. Сондай-ақ дәл осы күні Атырау қаласындағы саябақта Хиуаз Доспановаға арналған қола бюст ашылды;
2013 жылы Отан қорғаушы күні Қазақстанда мемлекеттік мереке ретінде алғаш рет атап өтілді. "Отар" 40-ыншы әскери базасында ел президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жауынгерлік парад өтті;
2014 жылы Өскемен қаласына кіреберісте қазақтың атақты қолбасшысы Қабанбай батырға арналған қола ескерткіш орнатылды;
2015 жылы ел астанасындағы "Жерұйық"  саябағында генерал Иван Панфиловқа ескерткіш орнатылды.
2019 жылы Хорватияның Сплита қаласының тарихи орталығында ҚР құрметті консулдығы мен «KAZAKH INVEST» ҰК АҚ-ның Хорватиядағы тәуелсіз серіктесі кеңсесінің ашылуы өтті.