Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысы 27 мамырда өтеді
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысы 27 мамырда өтеді
Фото: Интернеттен алынды
273
оқылды
Президент кеңесшісі Ерлан Қарин Telegram-дағы парақшасында карантин жағдайына байланысты алдағы отырыс онлайн форматта өтетінін жазды. Жиынға қашықтан өңірлер де қосылады деп жоспарланып отыр. «Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша алдағы отырыстың күн тәртібі адами капиталды дамыту, атап айтқанда білім саласын дамыту мәселелеріне арналады» деп жазады Ерлан Қарин. Ақпан айынан бері Ұлттық кеңес мүшелері елдегі білім жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар мен кеңестерді қарастырып келеді. Оның барлығы алдағы отырыс барысында талқыланады.