Елордада Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған турнир өтіп жатыр
Елордада Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған турнир өтіп жатыр
154
оқылды
Елордада Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтіп жатыр. Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Бүгін грек-рим күресінен тұңғыш қазақ олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровке арналған халықаралық турнир басталды», – деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.
Турнирде 2001-2003 жылы туған жасөспірімдер 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 97, 130 келі салмақ дәрежелерінде бақ сынайды. Байрақты бәсекеге Қазақстан, Ресей, Грузия, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен 250-ден аса спортшы қатысады. Жарысты Qazsport арнасынан тікелей эфирден көруге болады.