2026 жылға қарай жүргізушілердің тең жартысы электромобильге көшеді — зерттеу
2026 жылға қарай жүргізушілердің тең жартысы электромобильге көшеді — зерттеу
2026 жылы әлем бойынша сатылатын жеңіл көліктердің жартысы электромобильдер болады, деп хабарлайды Greenqazaqstan.kz Boston Consulting Group (BCG) зерттеуіне сілтеме жасап. Өткен жылы BCG сарапшылары бұл көрсеткішке тек 2030 жылы қол жеткізуге болатынын (51%) алға тартқан еді. Кейін пікірін өзгертуге пандемия кезінде тұтынушылардың электромобильдерді көбірек таңдауы себеп болған. BCG мәліметінше, әлем нарығындағы электромобильдердің үлесі 2019 жылы 8%-тен бастап 2019 жылы 12%-ке дейін өсті. Сондай-ақ 2020 және 2021 жылдары да қалыпты өсім байқалады. Еуропада электромобильдерге деген қызығушылық артты: мысалы, Германияда 2020 жылы қайта қуатталатын гибридті автомобильдердің (PHEV) сатылымы 342%-ке, ал қайта қуатталатын автомобильдердің сатылымы 207%-ке өсті. Сонымен бірге жеңіл бензин автомобильдерін сату 36%-ке, ал дизель автомобильдерін сату 29%-ке төмендеді. Бұған қарамастан толықтай электромобильдерге өту болашақтың еншісіне қалып отыр. 2035 жылға қарай көлік құралдарының 70%-і әлі де бензин немесе дизельмен жүретін болады. Ресейдегі BCG төрағасы Владислав Бутенконың айтуынша, қазір елдегі бензин мен дизель автомобильдерінің үлесі шамамен 97% құрайды, ал 2035 жылға қарай ол 55%-ке дейін төмендейді. Осы уақытқа дейін жаңа автомобильдерді сатудағы электр көліктерінің үлесі тек 25%-ке жетеді, - деді ол.