"Звезда" телеарнасының тілшілері АҚШ-тан Адольф Гитлердің "соңғы ұрпағын" тапты.
15 жыл бұрын фюрердің үш немере жиенінің Лонг-Айлендте тұратыны белгілі болды. Олардың әкесі — Алоиз, ағасы Адольф — тегін Хиллер деп өзгерткен. New York Times журналистері олардың үйін тапқан соң, Үшінші рейх басшысының туыстарына мекен-жайын өзгертуге тура келді. Енді міне, Гитлердің туыстары Нью-Йорктен табылып отыр. Қазір фюрер ұрпағын жалғаушылар Манхэттеннен екі сағаттық жерде тұрады. Үйдің қақпасы әдеттегіден биік және бірнеше бейнебақылау камерасы орнатылған."Гитлердің туыстары мен сол секілділері көптен бері АҚШ азаматтығын алған — сайлауға барады, салық төлейді және мемлекеттен көмек алады. Оларды ата-бабаларымен тегінен басқа ешнәрсе байланыстырмайды. Экс-ұлтшылдардың Екінші Дүниежүзілік соғыстағы қылмыстарға қатысы бары анықталса, жергілікті Америка билігінде оларға сұрақ пайда болуы мүмкін", — деді телеканалдағылар.Еске салсақ, ұлтшылдардың ұл-қыздары адамзаттан кешірім сұраған еді.