Ауғаныстан астанасы Кабул қаласындағы қыздарға арналған мектеп жанында жойқын жарылыс болды.
Лаңкестік әрекет салдарынан 55 адам көз жұмып, тағы 150-ден астамы зиян шекті.
Жарылыс кезінде жарақат алғандардың көбі — оқушы қыздар. Содырлар жарылғыш зат қойылған көлікті қашықтан басқару құралы арқылы жарған. Сондай-ақ, екі зымыранға оқ атылды. Қайғылы оқиға сабақтардың аяқталып, оқушылардың үйге қайтып бара жатқан уақытымен тұспа-тұс келген.
Мемлекет басшысы Ашраф Ғани жарылысқа «Талибан» қозғалысын айыптап отыр.
Еске салсақ, Ақтөбе облысында тұрғын үйде жарылыс болғаны туралы хабарлаған едік. Салдарынан 7 адам ауруханаға жеткізілді.