Грузияда көз жұмған қыздың анасы мәлімдеме жасады
Грузияда көз жұмған қыздың анасы мәлімдеме жасады
163
оқылды
Тбилисиде көз жұмған қазақ қызының анасы Айсұлу Айтпаева Грузияға келді. Ол қызының өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Бұл туралы Sputnik Грузия хабарлады. Анасы 26 жастағы қызына қиянат жасалғанына сенімді. Ол Тбилисиде, ең алдымен, Леван Самхараули атындағы ұлттық сот-сараптама бюросында қызының мәйітін танып, іс материалдарымен таныспақшы. Сондай-ақ ол Қазақстан консулдығына барады.
"Қызымды өлтіріп, терезеден лақтырып жіберді деп ойлаймын. Ол терезеден өз еркімен секіретіндей бала емес еді. Бес күн бұрын Грузияға келіп, осында жұмыс істей бастады. Бұрын Әсел ұсталған адамды танымайтын. Осы жерде танысып, бірге жұмыс істеулері керек болатын. Менің күйеуім де Грузияға келуі керек еді, бірақ құжаттарында қиындықтар шығып, келе алмады", - деді Айсұлу Айтпаева журналистерге.
Қазақстан азаматы Әсел Айтпаева Тбилиси қаласында қаза тапқаны туралы осыған дейін жазған болатынбыз.