Атырау облысында 2 тоннаға жуық балық қырылған
Атырау облысында 2 тоннаға жуық балық қырылған
139
оқылды
Атырау облысының Құрманғазы ауданында 2 тонна қаракөз балығы қырылды. Бұл туралы Балық шаруашылығы комитеті ақпарат таратқан. «Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері 9 мамырда рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде Құрманғазы ауданының Құрманғазы ауылынан шамамен 20 шақырым жерде Шарон өзенінен шыққан жыра аумағындағы қамыстар арасынан қаракөз балықтарының қырылу фактісі анықталды. Аталған аумақта қырылған шамамен 2 тонна балықты жергілікті атқарушы орган және Құрманғазы балық инспекциясының қызметкерлері жерге көміп тастау жолымен жояды. Қазіргі уақытта бұл жұмысқа ау құралдары, транспорт пен жұмысшы күші тартылуда», - делінген комитет таратқан ақпаратта. Балықтардың қырылуына Шарон өзеніне өр суының кеш келуіне байланысты балық шабақтарының ағысқа қарсы жүзе алмауы себеп болуы мүмкін. Бұл туралы мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар хабардар етілген.