Jas Otan белсенділері ардагерлерге құрмет көрсетті
Jas Otan белсенділері ардагерлерге құрмет көрсетті

Акцияларда біздің ардагерлерді құрметтейді, соғыстың ауыр жылдарын еске алады және көптен күткен жеңіс туралы айтылады. Jas Otan белсенділері де шетте қалмай, 9 мамыр күні құрметіне қала тұрғындарымен қонақтарына ленталар мен төсбелгілерді таратты.

«Jas Otan белсенділері жыл сайын осы мереке қарсаңында түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Биылғы жылы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты біз Жеңіс күніне орайластырылған мерекелік ленталар мен белгішелерді таратуды ұйымдастыруды ұйғардық. Олар ерекше ленталар, өздеріңіз көріп отырғандай, оларда қазақтың ою-өрнектері бейнеленген, ал ленталардың өзі мемлекеттік тудың түстерінде орындалған. Бұл ленталарды тарату жастардың бойында отансүйгіштік сезімін, өткенді еске алу мен құрметтеу үшін Жеңістің құндылығын тәрбиелеуге бағытталған», – деді «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаев.    width=  width= Акция барысында елорда тұрғындары мен қонақтарына 80 мыңнан астам мерекелік ленталар таратылды. Акцияға ешкім бей-жай қарамады, азаматтар ленталарды қуана қабылдап, оларды киімдеріне мақтанышпен бекітті.

«Өте жақсы акция және ол осындай ұлы мерекені тағы да еске салады. Біздің ересек ұрпақ, әрине, есінде сақтайды, бірақ жастарға әрдайым еске салу керек. Мен елорданың барлық тұрғындарын осындай ұлы мерекемен құттықтап, барлығыңызға амандық, бақыт, денсаулық тілеймін», – деді қала тұрғыны Любовь Андреевна.

Болашақ өмір, ұрпақ үшін жанын қиған ата-бабаларымыздың ерліктері ғасырлар өтсе де ұмытылмастай тарихта жазылды. Қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан батыр ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас ие мәңгілік тағзым етеміз.