Соңғы жылдары шетелге білім қуып, не болмаса жұмыс іздеп кетіп жатқан қазақстандықтар өте көп. Олардың арасында туған жерге табытпен оралған қазақ қыздары да бар. Қыздардың қазасы қаншама жанның қабырғасын қайыстырды. Әрқайсысы түрлі жағдайда көз жұмған. Қазір бірін білсек, бірі ұмыт болған. Бірақ Грузиядағы қазақ қызының өлімі елді дүрліктіріп, өткенді еске түсіргендей болды. Жат жерде жүріп, түрлі оқиға салдарынан көз жұмған қыздардың тағдыры туралы сөз етпекпіз.
Алайда қыздың анасы Айсұлу Айтпаева тергеудің әділ жүруін талап етуде. Ол Әселді Грузияға туысының күйеуі алып барғанын және соның жазалануын талап етуде. «Қазір Грузияда біреуді ұстады деген ақпарат шықты. Бірақ мен күйеу баламның жазаланғанын қалаймын. Ол түк болмағандай жүре ме? Ол да, оның туыстары да кешірім сұраған жоқ», – деді Айсұлу Айтпаева Sputnik агенттігіне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, күйеу баласы қызын Грузияға көлік алып-сататын бір фирмаға жұмыс істеуге шақырған, бірақ оны алдап кеткен. Тіпті, жұмыс тауып бермек болған туысы Әселді машинаға айырбастауы мүмкін екенін айтты.
– Менде аудиожазбалар бар. Ол жерде бір ер адам қызымның үстіне қайнаған су құямын деп қорқытады. Кейін «секір, секір» дейді. Сондықтан қызымды өлтірді деп күдіктенемін. Себебі Әсел терезеден секіріп өлетін адам емес, – деді ол.
Оның әлеуметтік желісін сараптасақ, видеоблогер ретінде танылған марқұм өмірмен қоштасып, өзіне-өзі қол салуға ойы болмаған. Сонда өмірге құштар жанның өзін өлімге қиюына не себеп? «Егер қастандық жасалған болса, не үшін жасалуы мүмкін?» деген мәселелерді қозғай отырып, Қазақстан және Түркия арасында өзара ашық түрдегі зерттеу жасалуы тиіс еді. Алайда «ата-анасы қарсы болды» деген желеумен, марқұмның ісін жылы жауып қоя салдық. Біздің құқық қорғау органдары және жалпы заң аясындағы азаматтар жұмылып, іске көшсе, 21 жастағы қыздың өлімі оның сүйегімен бірге көміліп кетпес еді ғой. Сонда өркениетті және заңмен бекітілген қоғамда өмір сүруіміз қайда қалды?
– Күдіктіні қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасы ұзартылды. М.Меджидовтың 3 бірдей пафосты, өзімшіл және өрескел адвокаты және қолдау білдіріп отырған бір топ туысы бар. Өткен үш жыл уақытта М.Меджидов тарапынан бізден ешкім кешірім сұраған емес. Өкініш те білдірген жоқ. Ол өзін кінәсізбін деп санайды. Күдіктіні мен 3 жылда бір рет те «кісі өлтіруші» деп атаған жоқпын, – дейді Жанна Ахметова "Азаттық рухына" берген сұхбатында.
– Полиция хабарлағандай, бұл жазатайым жағдай емес. Оған сенбеймін. «Суға батып кетті» дегеннің өзінде оның сол күні құлағына таққан сырғасын көзілдірігін, шалбарын таппадық. Заттары іс-түссіз жоғалып кетті, – деген ол Айнұрды біреулер өлтіргенін мәлімдеді. Сол кезде марқұмның жұмыс берушісі Алим деген жігіт күдікке ілінген. Бірақ тергеудің нәтижесін полиция жарияламады. Кейін Айнұрдың туысқан ағасы Қайрат Ахметов оны ешкім өлтірмегенін айтып, мәйітті еліне тасымалдай алмай жатқанын жеткізген болатын.
Жазғанымыз тек елді дүрліктіріп, қалың оқырманның талдауына түскен жағдайлар. Арасында елеусіз, ескерусіз қалған қаншама тағдыр бар. Өзге елде олардың сөзін сөйлеп, ісінің ақ-қарасын ажыратып, әділдігін айтатын заң бар ма? Заңгердің айтуынша, кісі өлімі бойынша іс тіпті арызсыз қозғалады.
– Қылмыс қай жерде жасалса да, бәрібір қылмыстық іс қозғалады. Әрине, сол жақтан арызданған дұрыс. Алайда сол елге барып, арыз жазу міндетті емес. Қазақстанда жазса да, ары қарай шетелге жіберіледі. Меніңше, әрекетсіздік танытып, қолды бір сілтей салуға болмайды. Адам өлімі бар жерде соттасудың қажеті бар ма, жоқ па деп ойлаудың өзі орынсыз. Оның үстіне, бұл жерде іс жан-жақты қаралады. Өйткені екі елдің арасындағы қарым-қатынас болғандықтан істің әділ тергелуіне барлық жағдай жасалады, – дейді заңгер Ержан Болатбек.