Екінші орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Билли Джо Сондерс (30-1, 14 КО) WBC, WBA Super және WBO белбеуі үшін өткен кездесуде Сауль "Канело" Альвареске (57-1-2, 39 КО) біраз қиындық туғызды. Delcotimes.com порталының маманы Джек МакКаферри британдық боксшының жарақаты мен мексикалық боксшыға кімнің лайықты қарсылас бола алатыны туралы ой бөлісті.
Бұл жекпе-жек Арлингтон (Техас штаты, АҚШ) қаласында өтті. Кездесудің сегізінші раундында "Канело" апперкот соққысымен Сондресты жарақаттады. Содан соң британдық боксшы тоғызыншы раундқа шықпады.
"Канело" Сондреспен кездесудің алдына Головкинмен үшінші кездесу өткізуге дайын екенін айтты. Ол үшін қазақстандық боксшы салмағын көтеру керек. Бұл екі боксшы осы уақытқа дейін екі рет кездесіп, біріншісінде тең түссе, екінші айқаста Сауль жеңіске жеткен еді.