Шведова екінші айналымға өтті
Шведова екінші айналымға өтті
115
оқылды

Теннис федерациясы баспасөз қыз­меті Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова Рим WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шыққанын хабарлады.

Отандасымыз Ярослава Шведова алғашқы айналымда әлемнің 97-ракеткасы, Италия өкілі Мартина Тревизанмен кездесті. Бірінші партияда М.Тревизан бірде-бір гейм берген жоқ- 6:0. Есесіне екінші сетте Я.Шведова тай-брейкте қарсыласынан басым түсті – 7:6 (7:4). Үшінші, шешуші партияда отандасымыз тағы да тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (8:6). Тартысты өткен кездесу 2 сағат 35 минутқа созылды. Я.Шведова жүлде қоры 1,8 млн АҚШ долларынан асатын доданың екінші айналымында әлемнің 1-ракеткасы, Аустралия өкілі Эшли Бартимен кездеседі.

Айбике ЖАНАСЫЛ