Ярослава Шведова теннистен әйелдер құрамасына басшылық етеді
Ярослава Шведова теннистен әйелдер құрамасына басшылық етеді
© 24.kz
181
оқылды
Ярослава Шведова теннистен әйелдер құрамасын басқарып, ойыншы бапкер ретінде қызметін жалғастырады, - деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі. «Біздің ұлттық құраманы басқару ұсынысын Теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтан қабылдау – мен үшін үкен құрмет. Бұл – өзімді жаңа бағытта көрсетуге, әрі капитан, әрі ойыншы болуды сынауға керемет мүмкіндік. Сонымен қатар бұл үлкен жауапкершілік, сол себептен федерация басшылығы сенімін ақтау үшін бар күшімді саламын», – деді Ярослава Шведова. Теннисші ана атанған соң аздаған үзіліс алып, жылдың басында ғана кәсіби спортқа қайта оралып, 7-8 ақпанда Больгияда өткен Федерация кубогінің іріктеу кезеңіне Қазақстан құрамасының мүшесі ретінде қатысты. Ярослава Шведова – теннис бойынша еңбегі сіңірген спорт шебері, Үлкен дулыға турнирінің жұптық санаттағы екі дүркін жеңімпазы.