Ауыр соққыдан ажал құшқандар көп
Ауыр соққыдан ажал құшқандар көп
340
оқылды

Спортпен әлсіздер айналыспайтыны бесенеден белгілі. Өйткені онда спортшылар басынан түрлі келеңсіз жайтты өткереді. Әсіресе, төбелес кезінде алатын жарақаттардың ауыр болатыны соншалық одан мүгедек болып қалатындары, тіпті көз жұматындары бар. Талай мықты түрлі кедергіден соң спортпен ерте қоштасты. Жекпе-жектің кез келген түрінде «бата тимей, қата тиіп», ауыр жарақат алған немесе жантәсілім еткен спортшылар аз емес. Ендеше соларға тоқталайық.

Жалпы, елімізде аралас жекпе-жек­тен немесе бокстан, өзге де төбе­лес түрлерінен көз жұмған, ауыр жа­ра­қат алған спортшылар туралы көп айтыла бермейді. Соған қарағанда, мұндай оқиғалар Қазақстанда аз тір­ке­летін болуы керек. Дегенмен жарыс кезінде жеңіл жарақат алып не но­каут­қа түсіп қалған спортшылар оқ­тын-оқтын кездеседі. Өз кезегінде қар­сыласын қоғадай жапыратын жой­қын соққы иелері жөнінде спорт жур­налисі Фараби Әбдіхалық айтып берді. – Жалпы, бокс тарихында ең жойқын күш иесі деген атақ Тайсонға ғана таңылғанын жақсы білеміз. Одан кейін де соққысы мығым бірқатар боксшы шықты ғой. Ал қазақстандық­тардың арасында Головкиннің соқ­қысынан көп боксшылар сескенеді. GGG-дің нокауттар саны бойынша Тайсоннан асып кетуі де, рекордын жаңартуы да кездейсоқ жағдай емес. Негізі, былғары қолғап шеберлерінде немесе аралас жекпе-жек спортшы­ларында бас не жақ сүйектерінің, қол не аяқ сүйектерінің, мұрын мен құлақтың сынуы, еріннің жыртылуы, беттің, көздің ісуі көп кездеседі. Соқ­қы күші адамның массасы мен жыл­дам­дығына байланысты болғандық­тан, ауыр салмақ санатындағы спорт­шы­лар нокаутерлер тізімінің басында тұрды. Сондықтан көбіне ауыр сал­мақ­тағы спортшылар арасында ең тар­тысты жекпе-жектер өтеді. Ал тө­бе­леске шыққан спортшылар бас­тан жарақатты көбіне ММА-ға қара­ғанда бокста көп алады, – дейді Фараби. Ал PR-менеджер, спорт журналисі Серік Ноян  жарақаттың көбі ММА-да кездесетінін айтады. Ол отандық соққысы жойқын боксшылардың ішінде Жан Кособуцкий, Жәнібек Әлімханов, Батыр Жүкембаев, Сад­рид­дин Ахмедов, Тұрсынбай Құлах­меттерді ерекше атап өтуге болатынын жеткізді. Ал ММА-де Руслан Сариев жекпе-жектерінің көбін уақытынан бұрын аяқтайтынын тілге тиек етті. – Ең көп жарақат болатын спорт түрі ол – кәсіпқой ММА. Аралас жек­пе-жек өнерінде қорғанысы аздау, тіземен, шынтақпен, қолмен, аяқпен соққы бағытталғаннан кейін жарақат алу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары. Ал бокста ішкі гематома басым. Сыртқа білінбеуі мүмкін, бірақ соққылар ауыр болатындықтан, боксшылар паркин­сон деген ауруға шалдығады. Кәсіпқой боксшылардың арасында ауыр соққы алған жекпе-жек десе, Әли Ахмедов­тың айқасы еске түседі. Отандасымыз жел­тоқсан айында америкалық бокс­шы­дан нокаутпен жеңілді. Сол біздің қазақ боксына тиген ауыр соққылар­дың бірі болды деп есептеймін, – деп атап өтті Серік Ноян. Боксшылардың соққысы туралы, одан алатын жарақат жөнінде WBA-ның жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Барри МакГуиганның да айтқаны бар. – Боксшылардың зілдей соққы­лары­нан кейін көп өтпей олар қатты жарақат алады. Әсіресе, мидың шай­қал­уы көп кездеседі.Соққы алып, құлағаннан тез нокаутқа түскен әлде­қайда жақсы. Ұзақ айқастан соң спортшы ауырсынған кезде бүкіл салмақты миға жібереді, – дейді Барри МакГуиган. ауыр соққы Ал Мануэль Веласкес (Boxing Fatality Collection) өзінің зерттеу жұмы­сын­да, 1998-2011 жылдар аралығында 60-қа жуық боксшының жекпе-жек кезінде алған жарақатынан қайтыс болғанын, ММА-да 2007 жылға дейін тек 4 өлім тіркелгенін, олардың тек 1-еуі ресми кәсіби жекпе-жек (35 жастағы Сэм Васкес комаға түсіп, 2007 жылы нокаутқа түскеннен кейін қайтыс болды) екенін жазған. Бір қарағанда, аралас жекпе-жектің әлдеқайда травматикалық спорт екеніне ешкім күмән келтір­мейді. Оған анық дәлел ММА жекпе-жегінің 59,4%-ы және боксшылардың 49,8%-ы жекпе-жектер кезінде жара­қат алады екен. Бірақ боксшылардың арасында көз жарақаттарын алу, ауыр нокаутқа түсу шамамен 2 еседей көп болып шықты. Жойқын әрі күтпеген тактикалық соққының салдарынан рингте тіркел­ген қайғылы оқиғаларды еске түсірер болсақ, олардың бір емес, бірнешеуі қатар ойға оралады. Айталық, 1995 жылдың 25 ақпанындағы кездесуде Джерард Маклеллан Найджел Беннге қарсы айқаста жеңіліс тапты. Бұл кездесуде фаворит саналған Маклеллан оныншы раундта қарсы­ласынан ауыр соққы өткізіп алғаннан кейін күтпеген жерден жеңіліс тапты. Кейін комаға түсті, оған күрделі ота жасалды, ақыр соңы мүгедектер арба­сына таңылды. 27 жастағы америкалық боксшы Патрик Дэй де отандасы Чарльз Конвеллге қарсы жекпе-жекте алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Сальвадор бокшысы Франсиско Руис жерлесі Рикардо Кортеспен өткен айқаста қатты соққы алып, нокаутқа түсті. Жағдайының ауыр­лығын байқаған дәрігерлер оны бірден жергілікті госпитальға жеткізді. Алайда боксшы бірнеше күн бойы есін жимай, көз жұмды. Бокста мұн­дай қайғылы жағдаймен аяқталған кездесулерді бірінен соң бірін тізіп, мысалға келтіре беруге болады. Со­ның бірі – пуэрто-риколық боксшы Сабриэль Матиастың 2019 жылдың шілдесінде ресейлік Максим Дада­шевқа қарыс өткізген атышулы айқа­сы еді. Сол кездесуде ресейлік был­ғары қолғап шеберінің миына қан құйы­лып, спортшы ауруханада жан тапсырды. Бір ерекшелігі десек те болатын шығар, елімізде өтетін спорттық жа­рыс­тарда спортшылардың ауыр жара­қат алып қалмауы қатаң қадағаланады. Сондықтан жарақат салдарынан арбаға таңылған не көз жұмған спорт­шы­лар туралы деректер жоқтың қасы. Ал Қазақстанда аса қауіпті спорт түрі саналмайтын футбол ойынынан Қазақстан құрамасының футболшысы Ұлан Қонысбаевтың сырт алаңда Қытаймен өткен жолдастық кездесуде аяғы сынғанын, одан кейін футбол­шы­ның ұзақ мерзім футболдан қол үзіп қалғанын атап өтуге болады. Қазір­дің өзінде футболшы бұрынғы ба­бына қайта келе алмағанынан соң үздік клубтардың қатарына шақырту ала алмай жүр. Бұл тек бір мысал ғана. Төбелес түрлерінде кездесетін үлкен жарақаттар да спортшының бұрын­ғыдай өнер көрсетуіне көп жағдайда кедергі келтіреді. Бұл – спортшы үшін ауыр соққы. Сөз соңында айтпағымыз, жалпы әлем бойынша күрзі жұдырық ие­лерінің жойқын соққысынан жапа шеккен спортшылар жетіп артылады. Олардың әрқайсысының тағдыры әрқилы. Бірі арбаға таңылса, енді бірі ауыр жарақаттан соң спорттан кетуге мәжбүр болған. Көз жұмғандары да көп. Осыдан соң төбелесті тек мықты­лардың ғана таңдайтынына анық көз жеткізе түсесің.

АбылайханАбылайхан ЖҰМАШ