Полиция департаментінің мәліметінше, кеше полицияға қоңырау шалған әйел 2004 жылғы ұлының жоғалып кеткенін айтқан.
Тәртіп сақшылары 11 мамыр күні үйден сыртқа шығып, сол күйі оралмаған Юрий Богомоловты іздестірді. Сондай-ақ құтқарушылар мен волонтерлер де атсалысты.Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.«Көп ұзамай, жасөспірімнің мәйіті Үлбі өзенінен табылды. Оның денесінен ешқандай жарақат анықталған жоқ», – дейді полицейлер.
Бұған дейін жоғалған келіншекті іздеуге шыққан сүңгуірдің мәйіті 35 күннен кейін табылғанын жазған болатынбыз.