Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі электрондық еңбек биржасының порталында жаңа функция іске қосылмақ. Жүктілік пен босануына байланысты табысынан айырылған жағдайда жәрдемақыны проактивті форматта, тез арада алуға мүмкіндік туды.
Сондықтан енді Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, осы төлемді алуға өтініш беруге болады. Ол үшін жұмыс беруші қызметкердің шығу фактісін электрондық биржаның порталындағы жеке кабинетінде тіркеуі керек. Сонда декреттік демалыс алған қызметкерге төлемдерді тез арада тағайындалады. Ал деректер Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне жіберіледі. Сол жерден сұраныс бойынша олар "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-қа әлеуметтік төлемі беріледі. Өз кезегінде, декреттік демалысқа шыққан қызметкерге әлеуметтік төлем тағайындауда келісімін алуға сұрау түседі. Сұрау SMS-хабарлама арқылы проактивті форматта болады. Оған үш күн ішінде жауап беру қажет.Бұл жоба биыл мамыр айынан басталды. ЭЕБ Қазақстандағы жұмыс берушілерге әлеуметтік декреттік парақтардың еңбек келісімдерін тіркеудің бірыңғай жүйесінде тіркелуге мүмкіндік берді. Осының көмегімен демалысқа шыққан жұмысшыларға тиісті әлеуметтік төлем тағайындау өтінішін қатысуынсыз, проактивті форматта жүзеге асырылады.