Финал өтетін орын ауысты
Финал өтетін орын ауысты
250
оқылды

Футболдан Чемпиондар ли­га­сы финалы Портудағы «Драгау» (Португалия) стадионында өтетін болды. Стам­бұл қала­сы биыл да турнирден тыс қалды. Былтыр Түр­кияда жоспарланған финал пан­демияға байланысты өт­пеген-ді.

2020/21 жылғы Чемпиондар Лигасы финалы әуелден Стамбұл­да өтеді деп жоспарланған.  Алай­да  пандемияға байланысты ши­рек финалдан бастап ойындардың бәрі Лиссабонға ауыстырылды. Финал күні белгіленгесін UEFA өтетін орын жайын қайта қарай бастады. Түркияда локдаун жария­­ланғаны бар, одан бөлек карантин ережесіне сәйкес бұл ел Ұлыбританиядағы «қызыл тізім­егі» елдер қатарында тұр. Сондық­тан федерация финал­ды басқа елде өткізуге шешім қабыл­дады.Дегенмен  әу баста финалдың Стамбұлдан басқа қалаға ауыс­тырылатыны туралы ақпарат та­рай бастағанда түрік тарапы пандемия тек сылтау екенін алға тартқан. Түркия футбол феде­рациясының бастығы Нихат Өз­демір «Финалға дайынбыз. Өз­дері-ақ  жүгіріп келеді әлі. Біз UEFA - мен келіссөздер жүргізіп жа­тырмыз», – деген еді. Оның үс­тіне Стамбұлда өтеді деп жос­парланған  финал екінші рет бас­қа қалаға ауыс­тырылды.  Сондықтан UEFA  тур­нирдің  2023 жылғы финалын Стамбұлға ұсынуы мүмкін деген мәлімет бар. Сол жылы Түркия Республикасы 100 жылдығын атап өтеді. Сөйтіп, түріктерді  өкпелетіп алмаудың да амалдары қарастырылып жатқан­ға ұқсайды. Бұдан бөлек, бастапқыда екі команда бір елде орналасқан­дықтан финал «Уэмблиде»  өтетіні туралы қауесет шыққан.Тіп­ті, ағылшындар шама-шарқынща финалды өз елдерінде  өткізуге тырысқаны туралы деректер  бар.  Бірақ UEFA финалдың Порту­галияда өтетінін мәлімдеді. UEFA басшысы Александер Чеферин фут­бол жанкүйерлерінің  бір жыл­ға жуық стадионға кіргізілмегенін, турнир  финалының ең маңызды мачт екенін ескере отырып, жан­күйер­лердің футболды стадионда тамашалауы үшін осындай шешім қабылданғанын айтты. Сөйтіп, жылдың басты жүлде­сін сарапқа салатын «Манчестер Сити» мен «Челси» арасындағы матчты жанкүйерлер  стадионнан тамашалай алады. Талап бойынша әр клубтың 6 мың жанкүйеріне рұқсат беріледі. Әрине, карантин талаптары қатаң сақталады. Сон­дай-ақ жанкүйерлердің ойынға кіру-кірмеуін  UEFA мен Порту­галия билігі әлі де талқылайды. Билеттердің сатылымы 24 мамыр­да шығады деп күтілуде. Матч билеттері 24 мамыр күні са­тылымға шығуы мүмкін. Ал фи­нал 29 мамыр күні өтеді. Ойын­ға испан төрешісі Антонио Матеу Лаос төрелік етеді.  

Айбике ЖАНАСЫЛ