Қазандағы мектепте 19 жастағы жігіттің оқ атқан сәтінен видео жарияланды
Қазандағы мектепте 19 жастағы жігіттің оқ атқан сәтінен видео жарияланды
135
оқылды
Желіде Қазандағы мектептердің бірінде оқушыларға оқ жаудырған 19 жастағы жігіттің мектепке келе жатқан және кірген сәтінен видео пайда болды. Видеоны Baza Telegram-канал жариялаған. Қара киім киген жігіттің қаруды дәл мектептің алдында тұрған оқушылардың біріне кезеп, оны атқанын байқауға болады. Қаша жөнелген қыз аман қалған. Жігіт артынша мектепке кіріп, адамдарға оқ атуын жалғастырған. Тағы бір видеода қару асынған жігіттің мектепке дейін төрт жүз метр қашықтықты жаяу жүріп өткені көрсетілген. Сол аралықта оны кем дегенде алты адам байқапты, тіпті онымен алыстан амандасқандары да бар. Алайда олардың ешқайсысы жігіттің қарумен жүргенін полицияға хабарламаған. Бұған дейін Қазандағы мектепте оқушыларға оқ жаудырған 19 жастағы жігіт 20 және одан да көп адамды өлтірмек болғанын айтқанын жазған болатынбыз.