Бірнеше өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
103
оқылды
"Қазгидромет" синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады. 16 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. солтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі.  Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавл қ. күндіз 16 мамырда батыстан жел соғады, 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.  Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ. күндіз 16 мамырда найзағай, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 16 мамырда Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан 15-20 жел соғып, түнде екпіні 23-28 метрге дейін жетеді.