Полицейлер туралы пікір жазған талдықорғандық 20 тәулікке қамалды
Полицейлер туралы пікір жазған талдықорғандық 20 тәулікке қамалды
208
оқылды

Алматы облысы орталығының тұрғыны полицейлерге жала жапқаны үшін 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz басылымы. 

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 мамырда Алматы облысының Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әлеуметтік желілерде Taldykorgan-Police парақшасындағы жазбаға пікірде патрульдік полиция қызметкерлеріне ашық жала жауып, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтер таратқан 48 жастағы hudojnik tdk аккаунтының иесі, Талдықорған қаласының тұрғынын 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы қаулы шығарды.
"2021 жылдың 27 сәуірінде ЖБО-дан патрульдік полицейлерге Талдықорған қаласында кәмелетке толмаған бала Toyota Land Cruiser автокөлігін басқарып, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны туралы ақпаратты тексеру туралы нұсқау келіп түсті. Ақпарат расталды, көлік ұсталды. Тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған құқықбұзушының кім екенін анықтап, көлікті айып тұрағына қойды, әкімшілік хаттама толтырды, ұсталған бала ата-анасына табысталды. Алайда бұл дерек туралы оқығаннан кейін, сот кінәлі деп таныған ер адам құқық қорғау органдарына жала жауып, көпшілік алдында өзінің теріс көзқарасын білдірді", — дейді полицейлер.
Мұны мониторинг барысында анықтаған полицейлер материал жинап, ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабы 2-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама рәсімдеп, сотқа жіберді.