Қазақстанда күн қатты ысиды
Қазақстанда күн қатты ысиды
106
оқылды
Синоптиктер 17 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазгидрометтің болжамынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің солтүстігінде, орталығы мен шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай жарқылдап, аздап жауын жауады. Республикамыздың кей жерлерінде қатты жел болуы мүмкін. Оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында таңертең және күндіз кей жерде шаңды дауыл күтіледі, желдің екпіні - 15-20 м/с, күндіз Түркістан облысында жел екпіні 25 м/с-ға дейін барады. Қостанайда, күндіз Солтүстік Қазақстан облысы мен Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с-қа күшейеді деп күтіледі. Жамбылда, күндіз Атырау облыстарында кей жерде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ақмола облысының кей жерінде найзағай ойнайды. Түстен кейін Ақмола, Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады.. Қызылорда облысында көп жағдайда өрт қаупі сақталады.