Қазақстанда кімдер аптасына 40 сағаттан артық жұмыс істейді?
Қазақстанда кімдер аптасына 40 сағаттан артық жұмыс істейді?
130
оқылды

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тау-кен өнеркәсібінің 85 мың қызметкері аптасына 40 сағаттан артық жұмыс істейді.

Сондай-ақ жылжымайтын мүлік саудасымен айналысатын 42 мың мың адам, қонақүйлер мен қоғамдық тамақтану саласында 43 мың адам аптасына 40 сағаттан артық еңбектенеді. Сонымен қатар көлік, құрылыс, бөлшек саудамен айналысатындардың 20 пайыздан астамы белгіленген нормадан артық жұмыс істейді. Қазақстанда Еңбек кодексіне сәйкес, қалыпты жұмыс уақыты аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс.

Бұған дейін Қазақстанда ең жоғары жалақы алатындар туралы жазған болатынбыз.