Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.
Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті Әсел Айтпаеваның ата-анасының шағымымен азамат М.Мейірбековке қатысты Қылмыстық кодекстің 128-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.«Таяу уақытта халықаралық келісімдерге сәйкес, Бас прокуратура мен Сыртқы істер министрлігінің үйлестіруімен Ішкі істер министрлігі Грузияға жедел тергеу тобын жібереді. Оның міндеті – орын алған қайғылы жайттың барлық мән-жайын зерделеу және грузин тарапымен сотқа дейінгі тергеу материалдары бойынша ақпарат алмасу», – деді Нұрділдә Ораз.
Бұған дейін күдіктінің қамауға алынғанын жазған болатынбыз.