Грузияда көз жұмған қазақ қызының ісі: полиция күдіктіні ұстады
Грузияда көз жұмған қазақ қызының ісі: полиция күдіктіні ұстады
152
оқылды

Әсел Айтпаеваның ici бойынша полиция күдiктiнi ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

"Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті Грузияда қайтыс болған Қазақстан азаматшасы             Ә. Айтпаеваның ата-анасының М. Мейрбековке қатысты шара қабылдау туралы арызының негізiнде ҚР ҚК 128-бабы бойынша (Адам саудасы) сотқа дейінгі тергеп-тексерудi бастады. Ауыр қылмыс жасады деп күдiктелетiн М. Мейрбеков ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінiң уақытша ұстау изоляторына қамалды", — делінген полиция хабарламасында.
Дәл қазір тергеу әрекеттерi жүргізiлуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Еске салсақ, 5 мамырда Грузияның астанасы — Тбилиси қаласында Қазақстан азаматы Әсел Айтпаева терезеден секіріп, қайтыс болды. Алдын ала мәліметке сүйенсек, Әсел Грузияға бір ай бұрын ақша табуға кеткен. Ал бірнеше күн бұрын жақындарымен байланысқа шықпай қойған. Келесі күні қазақ қызының өліміне қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды. Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдіктіге зорлау және адамның ар-намысын кемсіту арқылы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу сияқты айыптар тағылып отыр. Оның кінәсі дәлелденсе, 8 – 10 жылға дейін сотталады. Қайтыс болған қыз өлерінің алдында құрбысына жантүршігерлік аудиожазба жіберген. Бұл туралы оның бөлесі «Экспресс К» басылымына берген сұхбатында айтты. Аудиожазбада қыз туысқанының бизнес әріптесімен сөйлескен. Одан терезеден секіріп кеткенге дейін қызды зорлап, сатып жібергенін анық түсінуге болады. Оның ар-намысына тиетін біраз сөз айтылды. Тіпті «мүгедек қылып тастаймын» және «өлтіремін» деп қорқытқан.