Атырауда үй қызметшісі пәтер иесінің 56 миллион теңгесін ұрлап кеткен
Атырауда үй қызметшісі пәтер иесінің 56 миллион теңгесін ұрлап кеткен
187
оқылды
Атырауда 56 млн теңгені қолды еткен ұры анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
"28 наурыз күні жылы сағат 00:22-де “102” арнасына 1975 жылы туған азаматша қоңырау шалып, 2021 жылғы 26 - 28 наурыз күндері белгісіз адамдар пәтерге кіріп, сейфтен 56 000 000 теңге ақшасын жымқырғанын айтқан", – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 27 наурызда  жәбірленушінің пәтеріне еркін кіру арқылы сейфті ашып, ақшаны жасырын жымқырған, пәтерде үй қызметшісі ретінде жұмыс істеген 1979 жылы туған азаматшаны ізін суытпай анықтады. Күдікті Шымкент қаласында ұсталды. Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері 19 - 21 мамыр аралығында “Пәтер” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.