Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемдік рейтингте екі сатыға жоғарылады.
Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, бұл Бублик үшін спорттық мансабындағы жоғары көрсеткіш. Бұған дейін ол 40-сатыда тұрған еді. Қазір теннисші 38-орында тұр. Тағы бір отандасымыз Михаил Кукушкин үш сатыға жоғарылап, үздік жүздікке кірді. Яғни, 103-орыннан 100-орынға көтерілді. Ал Дмитрий Попко, Александр Недовесов пен Тимофей Скатов бұрынғы орындарында қалды. Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 22-орынды сақтап қалды. Юлия Путинцева болса 34-тен 35-ке сырғыды. Зарина Дияс 96-дан 93-сатыға жоғарылады. Ал Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова Рим жарысының екінші айналымына өтіп, 665-сатыдан бірден 433-орынға көтерілді.Айбике ЖАНАСЫЛ