«АрселорМиттал Теміртауға» тиесілі жылу электр орталығының тозығы жеткен – Ноғаев  
«АрселорМиттал Теміртауға» тиесілі жылу электр орталығының тозығы жеткен – Ноғаев  
192
оқылды

Соңғы жылдары «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының №2 жылу электр орталығындағы қазандықтар жиі істен шығады.

«Соның салдарынан Теміртау қаласының тұрғындары жылусыз қалады. №2 жылу электр орталығы негізгі жабдықтарын жөндеуге бөлінетін қаражат физикалық тозу мен апаттылық деңгейін төмендетпеді. ЖЭО-ның 77% тозған. Жылыту маусымында 5 қазандық жұмыс істеп, 1 қазандық резервте болуы тиіс», – деді министр. Биыл қыста Теміртау қаласының тұрғындары 2 тәулік бойы жылусыз қалған болатын.

«Осы факті бойынша Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті 10-25 наурыз аралығында «АрселорМиттал Теміртаудың» №2 жылу электр орталығына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша қазандықтар мен қазандық цехының ғимараттарын пайдалануға қойылатын талаптардың бұзылғаны анықталды. «АрселорМиттал Теміртаудың» №2 жылу электр орталығындағы №7 қазан құрылысын жеделдету, сондай-ақ 2-жылу электр орталығын жаңғыртудың перспективалық жоспарын әзірлеу қажет», – деді Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.

Бұған дейін Теміртаудағы апат туралы жазған болатынбыз.