Шөкеевтің орынбасары ұсталды: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі түсініктеме берді
Шөкеевтің орынбасары ұсталды: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі түсініктеме берді
148
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде тараған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
«Мырзалиев  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде шақырылды. Ол күдікті ретінде танылған жоқ, оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалмады. Өзге ақпарат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды», - делінген хабарламада.
17 мамырда бірқатар телеграм-каналда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтың ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғаны және үстінен қылмыстық іс қозғалғаны жайлы ақпарат тарады. Бүгін облыс әкімдігінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты жауап беріп, Мейіржан Иябайұлының гипертониялық криз диагнозымен облыстық ауруханалардың бірінде жатқанын хабарлады.