Bek Air компаниясы 7 миллионнан астам теңгені жолаушыларға қайтаруы тиіс – сот шешімі
Bek Air компаниясы 7 миллионнан астам теңгені жолаушыларға қайтаруы тиіс – сот шешімі
123
оқылды

Алматыдағы Түрксіб аудандық сотында әуекомпанияға қатысты үкім шықты. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.

Онлайн процеске компаниядан билет алып, қаржысын өндіре алмаған 119 жолаушы қатысқан. Олар жалпы сомасы жеті миллион теңгеден асатын 233 әуе билетін сатып алған. Бірақ 2019 жылы болған ұшақ апатынан соң, олар ұшпаған. Компания басшысынан өздігінен қайтарып ала алмаған бұқара сотқа жүгініген болатын.

Түрксіб аудандық сотының судьясы Индира Әбекова: «Сот Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің талап арызын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Bek Air әуекомпаниясы тұтынушыларының бұрын сатып алынған билеттерінің құнын толық өтеуге міндетті деп танылсын», – деді.

Сот үкімін тыңдауға жауапты мекеме өкілдері қатыспады.

Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті бұған дейінгі сот отырыстарында тұрғындардың талап-арызын қанағаттандырған болатын. Ол кезде әуе компания тұтынушыларға 103 миллион теңге қайтаруға міндеттелген еді.