Ақсу қаласының әкімі облыс басшысын сотқа берді
Ақсу қаласының әкімі облыс басшысын сотқа берді
229
оқылды

Моноқала саналатын Ақсудың әкімі Нұржан Әшімбетов облыс басшысы Әбілқайыр Сқақовты сотқа берді, – деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мәжілістің экс-депутаты Әшімбетов Ақсу қаласына биыл 22 қаңтарда әкім болып тағайындалған. Бірақ арада 3 ай өтпей жатып, 1 сәуір күні облыс әкімі оған сөгіс жариялапты.

Мұны өкпесі қара қазандай болған Әшімбетов әлеуметтік желіде елге өзі жария етті. Облыс  басшысы оған «І тоқсанда Ақсудың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қол жеткізу міндеттерін орындай алмады» деген кінә тағып, тәртіптік жазаға тартуға бұйрық шығарыпты. Бұған шамданған қала жетекшісі Сқақовты сотқа беруді жөн деп тапқан.

Бұған дейін жемқорлықпен ұсталған шенеуніктер туралы жазған болатынбыз.