Өңірлерде вакцина жеткілікті ме?
Өңірлерде вакцина жеткілікті ме?
111
оқылды

Биыл ақпан айынан бері аймақтарға вакцинаның 3,9 млн.-нан астам дозасы жеткізілді. Соның ішінде «Спутник V» вакцинасы ІІ компонентінің 1,2 млн. дозасы және Hayat Vax SARS-CoV-2 Vero Cell (Синофарм) вакцинасының 800 мың дозасы бар.

Қазіргі кезде вакцинаның ІІ компоненті/дозасының 750 мыңға жуық дозасы бар. Соның ішінде «Спутник V» вакцинасы ІІ компонентінің 324 мың дозасы және Hayat Vax SARS-CoV-2 Vero Cell (Синофарм) вакцинасының 400 мың дозасы бар. Бүгінде барлық аймақта КВИ-ге қарсы вакцинаның І және ІІ компонентінің/дозасының көлемі жеткілікті. Өңірлер бойынша: Қарағанды облысына вакцинаның барлығы 329 795 дозасы жеткізілді. Соның ішінде 163 865-і егудің ІІ кезеңін өткізуге арналған. Бүгінде вакцинаның 111 045 дозасы қалып отыр, оның 91 152-сі егудің ІІ кезеңіне арналған.

Ақтөбе облысында КВИ-ге қарсы вакцинаның жеткілікті көлемі бар, барлығы 156 950 доза жеткізілді. Соның ішінде 57 450-і ІІ кезеңге арналған. Қазіргі кезде қалып отыр 55 522 доза, оның 28 071-і егудің ІІ кезеңіне арналған.

Солтүстік Қазақстанға вакцинаның 134 400 дозасы жеткізілді, соның ішінде 43 200 доза – екпенің ІІ компонент. Қазіргі уақытта ІІ кезеңді өткізуге барлығы 22 366 доза қалды. Батыс Қазақстан облысына барлығы 138 560 доза жеткізілді, соның 42 010-ы ІІ кезеңді өткізуге арналған. Бүгінде вакцинаның 52 398 дозасы қалып отыр, оның ішінде 18 532-сі – ІІ компонент. Алматы облысына барлығы 410 060 доза алынды, соның ішінде ІІ кезеңді өткізуге 202 210 доза болған. Бүгінде облыста вакцинаның жеткілікті көлемі бар. Қалғаны – 93 950 доза, соның 80 156-сы вакциналаудың ІІ кезеңін өткізуге арналған. Тұрғындар арасында сұраныстың көптігіне байланысты кейбір елдімекендерде вакцина жетіспеушілігі болуы мүмкін.